Сайран Сайфеденовтың халыққа есеп беру кездесуі өтті

Сайран Сайфеденовтың халыққа есеп беру кездесуі өтті

№117 жалпы білім беретін мектеп ғимаратында Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденовтың халыққа есеп беру кездесуі өтті.

Кездесу барысында тұрғындар күнделікті шаруашылық-тұрмыстық мәселелерге қатысты сұрақтар қойды: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, аулаларды абаттандыру және жарықтандыру, ескі үйлерді бұзу, қоғамдық аймақтарды құру, қауіпсіздік, қоқыс жинау және тағы да басқа түйіткілді мәселелер айтылды.

Аудан басшысы әр тұрғынның өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, сұрақтардың барлығына заң аясында жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша жауапты мамандарға тапсырмалар беріп, оның шешілуін жеке бақылауға алатындығын жеткізді.