Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау

Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау

Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов @sairan.saifedenov аудан тұрғындарына кезекті жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында, аудан тұрғындарының тарапынан: абаттандыру жұмыстары және әлеуметтік мәселелер бойынша бірқатар сұрақтар қойылды.

Аудан әкімі сұрақтардың барлығына заң аясында жауап беріп, көтерілген мәселелерге жауапты мамандарға тапсырмалар беріп, жеке бақылауға алатындығын жеткізді.

Айта кетейік, азаматтарды қабылдау әр жұма күні сағат 11:00-де өтеді. Әуезов ауданы әкімі аппаратының фронт-офисі 8(727)347-04-79 нөмірі бойынша жазылуыңызға болады.