Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» - деген нақыл сөз бар қазақта. Яғни халқымыздың руханияты мен болмысына сіңген осынау аспапты ерекше қастерлеген. Бұл қасиет бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.

Биылғы Әуезов ауданының 50 жылдық мерейтойы және Домбыра күніне орай, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қаламыздағы Мүхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының алдындағы Әуезов ескерткішінің алдында домбырашылар әуелетіп күй тартып, қала тұрғындары мен қонақтарына қасиетті домбырамыздың қоңыр үнімен көңілді көңіл-күй сыйлады.

Осы шуақты күні баршаңызға амандық, бейбітшілік және әр отбасына жақсылық тілейміз!

Сіздерге зор денсаулық, Қазақстан Республикасының гүлденуі үшін табысты және жемісті жұмыс тілеймін!