“Главная опора независимости - мир!" атты дөңгелек үстел өтті

“Главная опора независимости - мир!" атты дөңгелек үстел өтті

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне және Әуезов ауданының 50 жылдығына орай, “Главная опора независимости - мир!" атты дөңгелек үстел өтті.

Жиында Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің директоры Дәулет Басенов кіріспе сөз сөйледі.

Іс-шараға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Мақпал Ешенова, "Жилана Курд" республикалық газетінің бас редакторы Жасым Османов, еврей этномәдени орталығының "Аналар кеңесінің" төрайымы Ирина Султанова, ұйғыр республикалық этномәдени орталығының мүшесі Сантям Бавдинова қатысты.

Бұл шараның мақсаты - Қазақстан халықтарының мәдениеті үлгісінде толеранттылыққа, ынтымақтастыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілікке, достыққа тәрбиелеу.