Әуезов ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтілді

Әуезов ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтілді

Салтанатты концерттік шара Family паркінің басты сахнасында және "Сарыарқа" кинотеатрының артындағы алаңда өткізілді.

Мерекеге орай аудан тұрғындары мен қонақтары жиналып, достық, құрмет және көтеріңкі көңіл-күй атмосферасы орнады.

Шарада Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы құттықтау сөз сөйледі.

Концерттік бағдарлама барысында достық пен Отанға деген сүйіспеншілік туралы әндер шырқалып, түрлі ұлт өкілдерінің билері орындалды. Сондай-ақ, барлық ұлттардың мәдениеттері мен дәстүрлері көрсетілді.

Саябақ аумағында түрлі ұлт өкілдерінің дәстүрлі костюмдерін киген аудан колледждерінің оқытушылары мен студенттері алаңды этностардың ұлттық атрибуттарымен безендіріп, онда мол дастархан жайылып шатырлар орнатылды.

Іс-шара соңында Дастан Қайратұлы барлық қатысушыларға рақметін айтып, Алғыс хаттар табыстап, баршаны мерекемен құттықтады.