Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт-мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің ізеттіліктің мерекесі. Бұл мейрам барша халықты ізгілік пен қайырымдылыққа ұйыстырады.

«Айт» сөзі - «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір–бірін қуанту», «қуанышқа топталау» дегенді білдіреді.

Ораза айт күндері әрбіріміз туған - туыстармен бауырларға қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзіміздің рухани дамуымызға үлес қосатын боламыз.

Сіздерді тағы да Ораза айт мейрамымен құттықтай отырып, әрбір отбасына амандық, жақсылық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін!

Қасиетті айда жасаған әрбір қайырлы істеріміз қабыл болсын.