Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді ең ізгі және жарқын мерекелердің бірі Қазақстан Республикасының халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1 мамыр – біздің ортақ Отанымызда тұратын халықтардың келісімі мен достығының символы.

Бұл мерекенің негізі біздің көпұлтты еліміздегі барлық этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтей отырып, бейбіт түрде ғұмыр кешу.

Көктемнің осынау тамаша күнінде Сіздерге мерекелік көңіл - күй, ұзақ өмір, мықты денсаулық, барлық істеріңізге табыс, туған-туыстарыңызға амандық және біздің ортақ үйіміз–Қазақстан Республикасына гүлдене беруін тілеймін!

Қазақстан халқының достығы нығая берсін!

Біз біргеміз!

Ізгі ниетпен, Сайран Сайфеденов