Хайуанаттар бағына экскурсия

Хайуанаттар бағына экскурсия

Әуезов ауданы әкімінің аппараты жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қолдауымен, ювеналды полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен арнайы білім беру ұйымының тәрбиеленушілері үшін хайуанаттар бағына бару іс-шарасы өтті.
Бұл іс-шара балалардың ой-өрісін кеңейту және мегаполистің көрікті жерлерімен танысу мақсатында өткізілді. Хайуанаттар бағына бару балаларға жабайы жануарлармен сөйлесуге және табиғатқа жақын болуға мүмкіндік берді.


Жасөспірімдер ризашылығын білідріп, өз әсерлерімен бөлісті, ұйымдастырылған сапар үшін үлкен алғыстарын білдірді. Осы бағыттағы іс-шаралар жалғасатын болады.