Ақын Қасымхан Бегмановпен кездесу кеші өтті

Ақын Қасымхан Бегмановпен кездесу кеші өтті

Қазақстан Жазушылар кітапханасында Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, ақын Қасымхан Бегмановтың «Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ» атты кездесу кеші өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Серікқазы Қорабай, ақын, ғылым кандидаты Асқар Дүйсенбі, тарихшы, зерттеуші, «Жебе» минитеатрының төрағасы Бауыржан Ешмағамбетов, Алматы Мемлекеттік электроникалық және электронды технологиялар колледжінің студенттері, кітапханашылар мен оқырмандары қатысты.

Бұл кеште ақынның барлық қайраткерлігі мен болмысы және жан-жақты игі істері ашылды. Қасымхан Бегманов өмір тарихынан сыр шертіп, қонақтарды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.

Аталған іс-шара Әуезов ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Жазушылар кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылды.