Алматы қаласының желтоқсаншылары арасында жарыс өтті

Алматы қаласының желтоқсаншылары арасында жарыс өтті

Алматы қаласының Желтоқсан оқиғасына қатысушылар арасында футбол мен дартс бойынша жарыс ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараны Әуезов ауданы әкімінің аппараты, Nur Otan партиясының Әуезов аудандық филиалы және Алматы мемлекеттік экономикалық университеті өткізді.

Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымшылдық, серіктестік пен шығармашылық ойлау сезімдерін қалыптастыру.

Жарыс қорытындысы бойынша Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы жеңімпаздарға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті.