Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Қазіргі уақытта 30 қазанға дейін созылатын дәстүрлі санақ белсенді түрде жүріп жатыр. Бұл онлайн режимінде санақтан өтпеген респонденттер арасында жүргізілуде.

Офлайн-санақта барлық интервьюерлер вакцинацияланған және арнайы бағдарламасы бар планшеттермен жабдықталған. Барлық алынған ақпарат дереу шифрланады және Ұлттық статистика бюросының орталық серверіне жіберіледі.

Қызметкерлерді арнайы жабдықтар арқылы білуге болады: көк шарф және санақ символикасы бар портфель. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында тіркеу нөмірі мен арнайы куәлігі бар. Оның түпнұсқалығын sanaq.gov.kz сайты арқылы тексеруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, 15-қазанға дейін халық санағынан sanaq.gov.kz сайтынан өте аласыздар. Яғни респонденттер орналасқан жеріне қарамастан санақтан өз бетінше өтіп, өздеріне және өз отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыра алады. Сайт тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады.

Қазақстанда әркім маңызды!