Дәурен Халықовтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті

Дәурен Халықовтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті

Әуезов ауданы әкімі аппаратының басшысы Дәурен Халықовтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті.

Жиынға Әуезов аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Нұрлан Төлепберген, кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Айбол Өмірбеков және мемлекеттік-құқық бөлімінің басшысы Сәуле Омарова қатысты.

Кеңес барысында қоғамдық көліктегі ұрлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, аялдама пункттерінде полиция қызметкерлері тарапынан профилактикалық жұмыстар тұрақты негізде жүргізіліп, автопарктер басшылығы тарапынан қосымша шаралар қажеттігі жөнінде сөз қозғалды.

Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша Алматы қаласының уәкілетті құрылымдарына таңертеңгі және кешкі уақыттарда қоғамдық көлік санын арттыру, автокөлік салондарында, аялдама кешендерінде бейнебақылау камераларын орнату және заңға қарсы әрекеттердің алдын алу бойынша басқа да шаралар туралы тиісті хаттар жіберілетіндігі айтылды.