«Тәуелсіз елдің тәлімді ұстазы» атты жарыс өтті

«Тәуелсіз елдің тәлімді ұстазы» атты жарыс өтті

Ұстаздар күні мерекесіне орай, Әуезов ауданында орналасқан білім орындары ұстаздарының арасындағы «Тәуелсіз елдің тәлімді ұстазы» атты жарыс өтті.

Жарыстың мақсаты :

- Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында Тәуелсіздікпен құрдас қазіргі заман ұстазы – рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті жас мамандарды айқындай отырып, үздіктер ішінен озығын анықтау;

- ҚР Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру;

- Қатысушы ұстаздарды шығармашылық ізденіске тарту және олардың ағартушылық қызметімен қоса жан-жақты өнерлі қырларын ашып, ынталандыру.

Аталған іс-шара Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өтті.

Сайыс жеңімпаздары аудан әкімінің дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.