ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ауданда орналасқан арнаулы оқу орындарының студенттері арасында волейболдан «Әуезов ауданы әкімінің кубогы» арналған жарыс өтті.
Сайыстың өткізілу мақсаты - ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту тұжырымдамасын жүзеге асыру, «ҚР-ның дене шынықтыруды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатында салауатты өмір салтын насихаттау, студенттерін дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, ынталандыру болды.
Ойын нәтижесі бойынша:
1-орын – Алматы теміржол техникалық-экономикалық колледжі құрамасы;
2-орын – Алматы мемлекеттік пролитехникалық колледжі құрамасы;
3-орын – Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі құрамасы иемденді.
Жеңімпаздарға Әуезов ауданы әкімінің кубогы және естелік сыйлықтар мен мадақтау қағаздары табысталды.