Қазіргі уақытта нашақорлық қоғамдық ауқымдағы маңызды мәселе болып табылады. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері бүгінде қызу талқыланып келе жатыр.
Сонымен қатар жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық және қылмыс проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын жою мақсатында елімізде бірқатар профилактикалық іс-шаралар орын алып келе жатыр.
Осыған орай, Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен онлайн форматта "Алматы қаласы Психикалық денсаулық орталығының" нарколог дәрігері А.А. Трубникованың қатысуымен, ауданның 32 оқыту мекемесінде саны 2500 оқушыны қамти отырып, "кәмелетке толмағандар арасындағы ПАФ қолданудың алдын алу және салдары" тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрістің негізгі мақсаты-әлеуметтік іріткіге қарсы, мәдени және рухани тұрғыдағы жастардың өмірге деген салауатын арттыру.
Сондай-ақ, дәріс барысында мектеп оқушыларына Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасымен дайындалған "химиялық өлім" бейне ролигі көрсетілді.