Әуезов ауданы кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Айбол Өмірбеков «Цин-Қаз» ЖШС өнеркәсіптік кәсіпорнының жұмыс барысымен танысты.
Кәсіпорын қызанақ өнімдері мен консервіленген тамақ өнімдерін өндірумен айналысады.
«Цин-Каз»-дың негізгі өнімі – «Красная звезда»қызанақтарының арнайы сорттарынан өндірілетін томат пастасы.
Ағымдағы жылдың 8 айында өндірістік өнім көлемі 5855 тонна өнімді құрады.
Өндірісті жаңғырту, өнім сапасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, экспортты дамыту - кәсіпорынды дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Өндірістік кәсіпорын Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттеріне консервіленген тамақ өнімдерін экспорттайды. Дамыған нарықтық қатынастар жағдайында экспорт халықаралық экономикалық ынтымақтастық пен еңбек бөлінісінің негізгі нысаны болып табылады.
Кәсіпорында 105 қызметкер жұмыс істейді.
Барлық шығарылатын өнім нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.