Аудан басшысы кезекті онлайн форматта жеке қабылдау өткізді

Аудан басшысы кезекті онлайн форматта жеке қабылдау өткізді

Әуезов ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Сайран Сайфеденов аудан тұрғындарына кезекті онлайн форматта жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында, аудан тұрғындарының тарапынан: әлеуметтік тараптағы көмек, заңбұзушылық және абаттандыру жұмыстары бойынша бірқатар сұрақтар қойылды.

Аудан әкімі сұрақтардың барлығына заң аясында жауап беріп, көтерілген мәселелерге жауапты мамандарға тапсырмалар беріп, жеке бақылауға алатындығын жеткізді.

Айта кетейік, азаматтарды қабылдау әр жұма күні сағат 11:00-де өтеді. Әуезов ауданы әкімі аппаратының фронт-офисі 8(727)347-04-79 нөмірі бойынша жазылуыңызға болады.