«Халық санағы-2021» науқанына атсалысу жөнінде түсіндірме сағаты өтті

«Халық санағы-2021» науқанына атсалысу жөнінде түсіндірме сағаты өтті

Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығында тіркелген көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелері мен аналарға «Халық санағы-2021» науқанына атсалысу жөнінде онлайн түсіндірме сағаты өтті.

Онда бөлім мамандары смартфон арқылы аталған сайтқа кіріп, өз мәліметтерін порталға енгізу жолын түсіндірді. Үйден шықпай санақ жұмысына мәлімет беру өте ыңғайлы, әрі тиімді екенін осы сабақта толық үйретілді.

Сабақты әлеуметтік жұмыс бойынша консультанты Динара Құрманбаева жүргізді.