5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі

Осы уақытқа дейін 1998 жылдың 20 қаңтарынан 22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылы Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылған болатын.

Атаулы датаның өзгеру себебі – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты.

Осы мерекеге орай «Тіл-адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі» атты онлайн конференция өтті.

Іс-шараға Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы, Алматы қаласы әкімі аппараты Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы басшысының міндетін атқарушы Бақыт Қалымбет, Әуезов ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Кәмшат Зейнетқызы және №104 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері қатысты.

Мерекенің мақсаты – Қазақстанның көпұлтты халқының тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және насихаттау, балаларды өз халқының ғана емес, сондай-ақ елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің тілін, мәдениеті және дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.