Қаза тапқан әскери қызметшілер мен құтқарушылар біздің жадымызда мәңгі қалады!

Қаза тапқан әскери қызметшілер мен құтқарушылар біздің жадымызда мәңгі қалады!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29-тамыз күнін Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасындағы өрт пен жарылыс салдарынан қаза болған азаматтарды еске алу үшін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Бұл Жалпыұлттық аза тұту күні Қазақстан тарихындағы оныншы болып тіркелді. Бұл күні Республиканың барлық қалаларында мемлекеттік тулар түсіріледі. Ойын-сауық іс-шаралары тоқтатылып, радио және телеарналар ойын-сауық бағдарламаларын таратуды уақытша тоқтатады.

Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына және зардап шеккендерге қайғырып көңіл айтамыз!

Қаза тапқан әскери қызметшілер мен құтқарушылар біздің жадымызда мәңгі қалады!