Зейнеткерлер арасында шахматтан турнир өтті

Зейнеткерлер арасында шахматтан турнир өтті
Әуезов ауданы әкімі аппараты, Nur Otan партиясы аудандық филиалы және аудандық ардагерлер кеңесі зейнеткерлер арасында шахматтан турнир ұйымдастырды.
 
Іс - шараның мақсаты - белсенді ұзақ өмір сүрудің маңызды факторы ретінде қарт адамдар арасында шахматты насихаттау. Өйткені шахмат - бұл ми мен жан үшін керемет жаттығу құралы, өзін-өзі дамыту болып табылады.
 
Коронавирустық пандемияға байланысты қатысушылардың денсаулығын сақтау мақсатында турнир ашық ауада өтті.
 
Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов атынан жеңімпаздарға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.