Елдос Сметов қола медаль жеңіп алды

Елдос Сметов қола медаль жеңіп алды

Бірінші кездесуде Елдос Сметов түрік спортшысы Михраж Аккушты жеңіп, одан кейін Оңтүстік Кореядан Ким Вон Джинді тізе бүктірген болатын. Ал жартылай финалда жапондық дзюдошы Наохис Такатоға жол беріп қойды.

Елдос жартылай финалда жеңіліп, үшінші орын үшін күресті. Оның қарсыласы Нидерланд елінің өкілі Торнике Чакадуа болды. Қола медал үшін өткен кездесу нәтижесі Сметовтың жеңісімен аяқталды.

Осылайша дзюдошы қола жүлдеге ие болып, Қазақстанға алғашқы медалді сыйлады.

Елдос Сметовты қола жүлдегерді жарқын және лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

Сізге әрқашан заңғар биікте жүріп, мақсатыңызға жету жолында табандылық пен қажымас қайрат тілейміз. Өмірде бұдан да биік шыңдарды бағындырып, алар асуларыңыз көп болсын! @yeldos60kg

Токиода өтіп жатқан Олимпиада-2020 ойындарына қатысып жатқан барлық жерлестерімізге жеңіс тілейміз!