ДАНАЛАРДЫҢ ІЗІМЕН

ДАНАЛАРДЫҢ ІЗІМЕН
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі.Тәуелсіздік-бабалардың арманы, қан мен тердің жеңісі. Жалынды рух пен ерліктің арқасында көтерілген шаңырағымыз- күреске толы тарихымыздың жемісі саналады.
Еліміздің абыройын асқақтату, Тәуелсіздігімізді қастерлеу - ата-бабаларымыздың бүгінігі ұрпаққа табыстаған аманаты.
30 жыл ішінде мемлекетіміз мәдениет пен шығармашылық жағынан да дамыды. Жас ұрпақтың өткен күннің тарихына зейінін арттырып, ұлттық құндылықтарымызды оларға барынша дәріптеу мақсатында жаңа кітапханалар құрылды. Төл тарихымыз таңбадай басылған кітаптар мен шығармашылық жинақтар қайта жаңартылып, басылымға шықты.
Тарихымыз сан мың жылдан тамыр тартатынын айғақтайтын құндылықтарымыздың бірі- Абай Құнанбайұлы ақын-атамыздың шығармашылық жолы.
Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналды.
Абай мұрасының тигізер ойшылдық пен санаға тигізер пайдасы зор. Ұлы ақынның шығармалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың ой-тұжырымдамалары баршамызға қашанда рухани азық бола алады.
«Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы Қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», – деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады.
Абай қазақтың әр баласын ұлт­жанды азамат етіп, елі мен жерін сыйлауға, өз болмысын тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі.