Жастар арасында футболдан жарыс өтті

Жастар арасында футболдан жарыс өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Әуезов ауданы аппаратының және Әуезов ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында футболдан жарыс өтті. Сайыста «Әуезов ауданы әкімінің кубогы» сарапқа салынды.

Бірінші орынды АХИ-1, екінші орынды «Сайран сити», үшінші АХИ-2 командалары жеңіп алды.

Бұл шараның мақсаты барлық есірткі, психотроптық заттардың зияны туралы жастарға түсіндіре отырып, оларды спортқа баулу арқылы салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру болып табылады.