Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекқали Торғаев Nur Otan партиясы Әуезов аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында аудан тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, аумақты абаттандыру және әлеуметтік сипаттағы мәселелерді қозғады.
Барлық сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берді және партиялық бақылауға алды.
Айта кетсек, бүгінгі таңда қоғамдық қабылдаулар халықтың мәселелерін шешудің нақты және тиімді орталығына айналды. Өйткені, Nur Otan партиясының негізгі функцияларының бірі-халықтың проблемаларын шешу және азаматтардың бастамаларын іске асыру болып табылады.