Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!
Әуезов ауданының ТЖ Басқармасы сізге ыстық және құрғақ ауа райында қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтау қажеттігін ескертеді.
Аптап ыстық ауа-райының басталуы, ең алдымен орман және дала өртінің пайда болу ықтималдығын күрт өсіреді. Көп жағдайда орман және дала өрттері адамдардың ережесіз іс әрекеттерінен туындайды.
Сақ болыңыз, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз: құрылыстардың жанында қоқысты өртемеңіз, сөндірілмеген темекі тұқылын тастамаңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Өз өміріңізді және жақындарыңыздың өмірін сақтаңыздар!