Аудан басшысы көпбалалы аналарға «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыс етті

Аудан басшысы көпбалалы аналарға «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыс етті

Әуезов ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Сайран Сайфеденов аудандағы көпбалалы аналарға «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын салтанатты түрде табыс етті.

«Құрметті аналар!

Сіздер, біздің мақтанышымыз, еліміздің игілігісіздер! Сіздерге зор денсаулық, табыс және амандық тілейміз», - деді аудан басшысы.

Аудан басшысының қолынан үкіметтік наградаларға үш бірдей көпбалалы ана ие болып, «Күміс алқа» иегерлері атанды.