Спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті

Спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті

Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлының төрағалық етуімен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет – «Спорттық разрядтар және біліктілік санаттарын беру жөніндегі» комиссиясының кезекті отырысы болып өтті.

Спортшыларға спорттық разрядтар және біліктілік санаттарын беру – ҚР 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңы негізінде ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 118 Жарлығымен бекітілген стандартқа және  Алматы қаласы әкімінің  2015 жылғы 30 шілдедегі № 3/476 қаулысымен бекітілген регламентке сай жүргізіледі.

Спорттық атақтар немесе біліктілік санаттарды алу үшін құжаттарды қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2021 жылы осы күнге дейін комиссия мүшелерінің 8 отырысы өтіп, 78 мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетіліп, комиссияның шешімімен оның 78 –не атақ берілді, тек мамыр айында жоғары деңгейдегі 2 санатты жаттықтырушы атағына құжаттарын тапсырған      1 адамға мемлекеттік қызмет көрсетілуден бас тартылды. Басты себеп – өтініш иесінің талапқа сай жоғарғы білімінің болмауы.

Комиссия мүшелерінің кезекті қарауындағы 5 мемлекеттік қызмет алушы спортшылардың барлығына комисся мүшелерінің ортақ шешімімен барлық талаптарға сай болуына байланысты спорттық атақтар мен біліктілік санаттары берілді.