Ильдар Үйсембаевпен көшпелі кездесуі өтті

Ильдар Үйсембаевпен көшпелі кездесуі өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ильдар Үйсембаевпен көшпелі кездесуі өтті.

Департамент басшысы «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындарға сапалы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) қызметімен танысты.

Сонымен қатар, Ильдар Үйсімбаев « Еститін мемлекет» тұжырымдамасы аясында іске асырылып жатқан азаматтардың өтініштерін сапалы қарауды ұйымдастыру жұмыстарымен танысты. Осындай жобалардың бірі фронт-офис – Open Auezov болып табылады. Оның көмегімен аудан тұрғындарымен тығыз байланыс орнатылған. Қазіргі уақытта осы жоба бойынша 3000-нан астам қызмет көрсетілді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсініктемелер берілді.

Сондай-ақ, жиында мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету, азаматтардың өтініштерін тиісінше қарау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау мониторингі, қызметтік әдепті сақтау, мемлекеттік қызметте жобалық менеджментті енгізу бойынша бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Шара соңында Ильдар Үйсімбаев «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы бойынша ауданның жұмысымен толыққанды танысып, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық деңгейіне баға берді.