«RÝH-MARAFON» қалалық спартакиадасы қатысушыларының 3-кезеңі өтті

«RÝH-MARAFON» қалалық спартакиадасы қатысушыларының 3-кезеңі өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «RÝH-MARAFON» қалалық спартакиадасы қатысушыларының бос уақыты кезінде, демалыс орталықтары арасында бұқаралық спорт түрлері бойынша жарыстардың 3-кезеңі өтті.

Аталған іс-шараны Әуезов ауданы әкімінің аппараты, Әуезов аудандық полиция басқармасы және Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасы бірлесіп өткізді.

Турнир таза ауада барлық санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау болды.