Халық қалаулысы жаңа нысандармен танысты

Халық қалаулысы жаңа нысандармен танысты

Алматы қалалық мәслихатының депутаты, экология, туризм және қоғамдық кеңістікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Әсия Ақанова, депутаттық қызмет пен қоғамдық кеңістікті мониторингілеу аясында №10 және №8 шағынаудандардағы жаяу жүргіншілер аумақтарын, сондай-ақ Яссауи көшесінде салынып жатқан жаңа нысандармен танысты.

Халық қалаулысы Яссауи көшесінде орналасқан жаяу жүргіншілер аймағы мен тротуарларды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарына ерекше назар аударды.

«Яссауи көшесіндегі жаяу жүргіншілер аумағын абаттандыру жұмыстары қала тұрғындарының сапалы және қолайлы өмір сүруіне ықпал ететіні сөзсіз. "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2021" бағдарламасының, сондай-ақ Nur Otan партиясының "Шетсіз қала" бағыты бойынша сайлауалды блогының жоспарлы іске асырылуы көңіл көншітеді», - деп атап өтті Әлия Ақанова.

Әуезов ауданы – қаланың халық тығыз орналасқан аудандарының бірі. Аудан аумағын абаттандыру, тұрғындарға қолайлы және шұрайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.