Ауданда адамдар көп шоғырланатын жерлерде «Санитарлық патруль» жұмысын жалғастыруда

Ауданда адамдар көп шоғырланатын жерлерде «Санитарлық патруль» жұмысын жалғастыруда

Арнайы жасақ Әуезов ауданы әкімі аппаратының, полиция басқармасының, санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлерінен және «Jas Otan» партиясының өкілдерінен тұрады.

Пандемияның таралуын болдырмау мақсатында азаматтарды әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтау туралы ақпараттық хабарландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған іс-шара барысында аудан тұрғындарына бетперде таратылды.

Бұл рейдтердің негізгі міндеті – коронавирустық пандемияның таралуын болдырмау және аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау үшін адамдар көп жиналатын жерлерде санитарлық нормаларды сақтау.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.