Тыйым салу белгілері орнатылды

Тыйым салу белгілері орнатылды

Әуезов ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы Әуезов ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп, Сайран көлінің батыс жағалауындағы шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде тыйым салу белгілерін орнатты.

Барлығы «Судағы мінез-құлық мәдениеті» тақырыбында 4 тыйым салу белгісі мен 2 баннер орнатылды.

Құрметті аудан тұрғындары, жазатайым оқиғаларды, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыруды болдырмау үшін «Шомылуға тыйым салынады» белгісі бар аумақта суға түспеңіз.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!