Көріктендіру бағыты қарқынды жүзеге аспақ

Көріктендіру бағыты қарқынды жүзеге аспақ

Еліміздің Тәуелсіздік іргетасы қаланғанына міне 30 жыл.

30 жыл ішінде мемлекетіміз даму стратегияларының аясында көптеген жаңарту үдерістерінен өтіп, өзге мемлекеттермен тең сатыға аяқ басты.

Қазіргі таңда экологиялық жаңа бағытта іске асырылатын сәулеттік-мәдени жобалар қарастырылып жатыр.

Осы жоспарға орай, Әуезов ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Сайран Сайфеденов @sairan.saifedenov көріктендіру бөлімінің мамандарымен және ЖШС Фирма «ЛЭУ» жетекшісімен алдағы уақытта іске асырылатын жобаны талқылап қайтты.

Аталмыш жоба еліміздің Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойына арналады. Ландшафттық жобалау- әртүрлі сапалы сорттағы гүлдер желегінен «30» санын жазу арқылы Шаляпин к-сі мен Абая даңғылының бойында іске асады.

Біздің сүйікті қаламыздың өркендеуі-қоғам үшін маңызды бағыттардың бірі.