Ауданда шұңқырларды жөндеу жұмыстары жалғасуда

Ауданда шұңқырларды жөндеу жұмыстары жалғасуда

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес, ауданда шұңқырларды жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі уақытта аталған жұмыстарға «Конфорс» және «ЖОЛ» мердігерлік ұйымдарының бригадалық топтары күш біріктірді. Толық көлемде аталған жөндеу жұмыстарына 55 жұмыс күші мен 22 техника жұмылдырылған.

Бүгінгі таңда «Конфорс» мердігерлік ұйымымен Өтеген батыр к-сі мен Садовников к-лерінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, №2 шағынаудан, Семятов к-сі мен Абай даңғылының жолдарында жиектерді түзету жұмыстары жүргізілді.

«ЖОЛ» мердігерлік ұйымымен Райымбек даңғылы, Төле би, Жеті жарғы, Манат көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жөндеу жұмыстары 25000м2-ден 6904м2 көлемінде іске асты (қалғаны-18096м2-ді құрайды).

Ағымдағы жөндеу жұмыстары барысында, көшелер мен шағынаудандардағы өтпелі өткелдердің сапасы тексеріліп, жөндеу жұмыстарын өткізу бойынша бақылауға алынды. 452 ақау анықталынып, Райымбек даңғылы, Өтеген батыр көшесі (өтпелі өткел), Фуркат, Төле би көшелері және шағынаудандардағы өтпелі өткелдер бойынша 19 ақау жойылды. 423 ақауды қалыпқа келтіру бойынша жұмыстар қысқа мерзімді уақытта өз жалғасын табады.

Құрметті аудан тұрғындары! Назарларыңызға! Сіздерге баяндай келе, ауданда ақаулар анықталған жағдайда, төменде көрсетілген әлеуметтік желілерге жолдауларыңызды сұраймыз:

Instagram: @akimat_auezov

@sairan.saifedenov

Telegram: @Open_Auezov_bot

Facebook: Әуезов ауданы