«Жастар және ғылым-2021» тақырыбында ғылым күніне арналған ісшара өтті

«Жастар және ғылым-2021» тақырыбында ғылым күніне арналған ісшара өтті

12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні. 2011 жылы Елбасы жарлығына сәйкес, бекітілген бұл күн 2012 жылдан бастап атап өтіліп келеді. Дәл осы күні қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген.

Қазіргі уақытта Қазақстанның ғылым саласында 22 мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді.


Осы айтулы күнге байланысты Әуезов ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық Алматы Энергетика және электронды технологиялар колледжінде «Жастар және ғылым-2021» тақырыбында ғылым күніне арналған ісшара ұйымдастырылды.

Ісшара барысында «Парасат» студенттік ғылыми қоғам мүшелерінің қатысуымен бейнеконференция өтіп, колледж білім алушыларының техникалық шығармашылық көрмесі ұйымдастырылып, «Жас маман» жобасы бойынша заманауи дәрісханаларға онлайн экскурсия жасалынды.

Сондай-ақ болашақ мамандар өздерінің энергетика ғылымы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен бөлісті.
Жылына 400-ге жуық энергетик мамандар даярлап шығаратын бұл білім ошағының мамандары қазіргі таңда 97%-ы жұмыспен толық қамтылып отыр.

Ісшараның мақсаты – Білім алушыларға отандық ғылымның даму тарихы мен бүгінгі таңдағы өзекті зерттеулер туралы мәлімет беру, жастардың техникалық шығармашылыққа деген қызығушылығын ояту болды.