Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Ренат Кенеев «Сары-Арқа» базарында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты

Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Ренат Кенеев «Сары-Арқа» базарында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты

Ренат Кенеев өнеркәсіп және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Айбол Өмірбеков пен «Сары-Арқа» базарының директоры Ағабек Акопянмен кездесті.

Көшпелі кеңес барысында әлеуметтік жобаларға арналған сауда алаңдарын кеңейту мәселесі талқыланып, нарықты жаңғыртуды аяқтау бойынша шешімдер қабылдану жұмыстары айтылды.

Қазіргі уақытта осы нарықтың бірінші кезеңін жаңғырту жүргізілуде. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға беру жоспарланған.

Айта кетсек, базар аумағында азық-түлік қатарында әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Бұл жоба Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен және «МС Trade» ЖШС-мен бірлесіп іске асырылуда.

Сондай-ақ базар әкімшілігіне санитарлық нормаларды қатаң сақтау, іргелес аумақты абаттандыруға және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге ерекше назар аудару ұсынылды.