Әуезов ауданының экология бөлімінің инспекторлары табиғатты қорғау полициясымен бірігіп, ауданның санитарлық жағдайына бақылау жүргізіп шықты

Әуезов ауданының экология бөлімінің инспекторлары табиғатты қорғау полициясымен бірігіп, ауданның санитарлық жағдайына бақылау жүргізіп шықты

Бақылау барысында, 15 нысанның аумағы ретсіз жатқан қатты тұрмыстық қалдықтан тазартылды.

Сонымен қатар, Алматы қаласының көріктендіру ережесі талаптарын бұзып, электр бағаналарына жарнама жапсырған жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 20 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) айыппұл салынды.