Әуезов ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Сайран Сайфеденов аудан бос жатқан учаскелерді көгалдандыру бойынша бірнеше нысандарды аралап шықты.
Атап айтсақ, Алтынсарин даңғылы, Саин, Шаляпин, Бауыржан Момышұлы және Жұбанов көшелері қаралды.
Аумақты көгалдандыру – аудан инфрақұрылымын дамытудағы маңызды бағыттардың бірі және осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.