Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов түнгі көшелерді аралап шықты

Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов түнгі көшелерді аралап шықты

Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов «Алматы Қала Жарық», «ABM-BUILDING 2007» мекемесінің өкілдерімен бірге түнгі көшелерді аралап шықты.

Аралау кезінде ауданның жаяу жүргіншілер жүретін жолдар, көшелерде мен скверлерінде және спорт алаңдарында жарықтандыру жүйесі қаралды.

Аудан басшысы 10 шағынаудандағы жаяу жүргіншілер аймағын жарықтандыруды қалпына келтіруге ерекше назар аударды. Бұл аймақта сыртқы жарықтандыру бағаналары бірнеше рет сынған және ұрланған.

Қазіргі уақытта Әуезов аудандық полиция басқармасы құқықбұзушыларды іздестіріп, келтірілген шығын сомасы анықтауда.

Сондай-ақ, түнгі аралау кезінде жарықтандыруды қажет ететін бірнеше нысандар анықталды.

Аудан басшысы салаға жауапты мамандарға анықталған ақауларды жою бойынша бірқатар тапсырмалар берді.