Тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл

Тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл

Бүгінгі күні – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті

Ол қоғам және мемлекет қайраткері, "Алаш" ұлттық-демократиялық партиясының ұйымдастырушысы және Көшбасшысы, Тұңғыш Қазақ ұлттық үкіметінің басшысы, ғалым, публицист. Өмір жолын қазақ халқының бостандығы мен саяси тәуелсіздігі үшін күреске арнаған біртуар азамат.

Алаш қозғалысының басы-қасында жүріп, ол халқының жазбаша тарихын жазу, таныту мақсатында ұлтының тарихын тиянақты зерттеді, Алтын Орданың заңды мұрагері болып табылатын, бір кезде қуатты мемлекет болған Қазақ хандығының бірліктен, күш-қуатынан айырылып, отарлыққа түсуінің объективті де субъективті себептерін анықтады.