Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденовтың Жаңа жылмен құттықтауы

Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденовтың Жаңа жылмен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Өткен жыл бәріміз үшін нағыз сынақ болды, қоғамымыздың өмірін түбегейлі өзгертті, жүздеген мың адам өмірін қиды. Біз жаңа коронавирустық инфекциямен жалпы күресте ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің маңыздылығын толық түсіндік.

Бүгін біз бәріміз біртұтас команда болуымыз керек, өзара көмек пен қолдау бізді індетті жеңуге және ертеңгі күнді жарқын, мейірімді және қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.

Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, жаңа жылда әр отбасыға амандық, бақ-береке, табыс тілеймін!