
Педикулез (pediculosis, биттеу) — тері мен оның туындыларында, яғни шашта паразиттік тіршілік ететін биттерден туындайтын ауру. Адамда бас биті (Pediculus humanus capitis), киім биті (Pediculus humanus corporis) және шат биті (Phtyrus pubis) паразиттік тіршілік етуі мүмкін. Осыған сәйкес бас педикулезі, киім педикулезі және шат педикулезі болып бөлінеді.
Сонымен қатар аралас педикулез де кездесуі мүмкін. Бұл кезде педикулездің бірнеше түрі қатар байқалады (мысалы, бас және киім биттерінің бір мезгілде жұғуы).
Биттер иесінің қанымен қоректенеді, ал жұмыртқаларын (сіркелерін) шашқа жабыстырып қояды. Киім биті жұмыртқаларын көбінесе киімнің қатпарларына салады, сирек жағдайда адам денесіндегі түктерге жабыстырады.
Педикулездің түрлері
Симптомдары
Педикулездің негізгі белгілері:
Жұқтырған сәттен бастап аурудың алғашқы белгілеріне дейін бірнеше апта өтуі мүмкін.
Тырналған жерлерге инфекция түскен жағдайда терінің іріңді аурулары дамуы мүмкін.
Киім биттері бөртпе сүзегінің және басқа да риккетсиоздардың негізгі тасымалдаушылары болып табылады. Бөртпе сүзегін бас биттері әлдеқайда сирек, ал шат биттері жекелеген жағдайларда ғана таратады.
Биттер ауру қоздырғыштарын тасымалдаушы ретінде
Киім биттері жұқпалы ауруларды, мысалы, риккетсиялар қоздыратын Волынь қызбасын таратуы мүмкін.
Бас биті бит арқылы берілетін қайталама сүзектің қоздырғышын, ал киім биті бит арқылы берілетін бөртпе сүзегінің қоздырғышын тасымалдауы мүмкін.
Емі және алдын алу
Дайындаған: Әуезов ауданы СЭББ бас маманы Уйкекбаева Алия Абайхановна