ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА ҰСТАЗДАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА ҰСТАЗДАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Әуезов ауданында Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Аудан әкімі Абзал Қуандықұлы Егембердиев білім саласының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ұстаздардың жас ұрпақты тәрбиелеу мен сапалы білім берудегі еңбегіне ерекше тоқталды.

Мерекелік жиында білім саласының дамуына үлес қосып, шәкірттері жоғары жетістіктерге жеткен бірқатар педагогтерге құрмет көрсетілді. Әуезов ауданының оқушылары халықаралық олимпиадалар мен ғылыми байқауларда жүлделі орындарға ие болып келеді, бұл жетістіктерде ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің үлесі зор.

Аудан әкімі барша ұстаздарға зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық табыс пен шәкірттерінің биік жетістіктерін тіледі.

Ұстаздар күні құтты болсын!