
Құрметті ұстаздар, ардақты білім саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның дүниетанымын қалыптастырып, өмірлік бағыт-бағдар беретін ерекше тұлға. Әр баланың жетістігінің, әр маманның қалыптасуының артында ұстаздың білімі, еңбегі мен жанашырлығы тұрады.
Бүгінде Әуезов ауданында 4 мыңға жуық педагог еңбек етіп, 60 мыңнан астам оқушыға білім беруде. Ауданымыздың оқушылары халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. Бұл жетістіктердің әрқайсысында шәкіртін білімге жетелеген ұстаздардың өлшеусіз еңбегі бар.
Ұстаздық – үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін қастерлі қызмет. Сіздер жас ұрпақтың бойына біліммен бірге адамгершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік құндылықтарын сіңіріп, еліміздің ертеңін қалыптастырып келесіздер.
Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Шәкірттеріңіздің биік белестері мен жарқын жеңістері еңбектеріңіздің жемісі болып, әрдайым абырой биігінен көріне беріңіздер!
Ұстаздар күні құтты болсын!
Ізгі тілекпен, Абзал Егембердиев