«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Таугүл-1 шағынауданында кезекті сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Таугүл-1 шағынауданында кезекті сенбілік өтті

Бүгін Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Таугүл-1 шағынауданында кезекті сенбілік өтті.

Тазалық жұмыстарына 300-ден астам адам қатысты. Коммуналдық қызметтер тарапынан 50 жұмысшы, 8 арнайы техника жұмылдырылып, 300 дана құрал-сайман пайдаланылды. Нәтижесінде 60 м³ қоқыс шығарылды.

Ауданымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!