ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Әуезов ауданындағы Алматы технологиялық колледжінде Еңбек күніне орай еңбек ардагерлері мен студенттердің кездесуі өтті.

Кездесу барысында аға буын өкілдері еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісіп, мамандыққа адалдық, тәлімгерлік пен жауапкершіліктің маңызы туралы әңгімеледі. Жастар өз кезегінде еңбек ардагерлеріне сауалдарын қойып, кәсіби бағыттағы құнды кеңестер алды.

Шараның ерекше сәттерінің бірі – аға буынның жастарға ақ батасын беріп, болашақ еңбек жолына сәттілік тілеуі болды.

Осындай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жастардың еңбекке, мамандыққа және үлкендердің тәжірибесіне деген құрметін арттырады.