Әуезов ауданында тұрғындармен кезекті кездесу өтті

Әуезов ауданында тұрғындармен кезекті кездесу өтті

Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев тұрғындармен кезекті кездесу өткізді. Кездесу Мамыр-1 шағынауданындағы №173 мектепте өтті.

Кездесу барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ПИК қызметі, автотұрақтарды ретке келтіру, жол қозғалысы мен қауіпсіздік, кәріз жүйесі, сондай-ақ аулаларды жөндеу мәселелері көтерілді.

Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, әр мәселе бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызмет өкілдеріне тиісті тапсырмалар берілді.

Кездесуден кейін аудан әкімі жауапты сала өкілдерімен бірге тұрғындар көтерген мәселелер бойынша бірқатар мекенжайға барып, жағдайды жергілікті жерде тексерді. Нәтижесінде мәселелерді жан-жақты пысықтап, тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.