
Әуезов ауданы аумағында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында республикалық «ҚАУІПСІЗДІК КОДЫ: 102–111–150» акция аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасындағы жанжалдар мен зорлық-зомбылықтың алдын алу және көмекке жүгіну жолдарын түсіндіру. Азаматтарға келесі маңызды нөмірлерді есте сақтау ұсынылады: 102 – полиция, 111 – отбасы және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша байланыс орталығы, 150 – балалар мен жастарға арналған сенім телефоны. Егер сіз отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз немесе оның куәсі болсаңыз, бейжай қалмай, дер кезінде тиісті қызметтерге хабарласыңыз. Қауіпсіз отбасы – қауіпсіз қоғамның негізі!