
Әлемде қандалалардың 40 мыңға жуық түрі бар болса, соның ішінде төсек клобы – ең кең таралғаны. Тек осы түрі ғана адамның тұрғын үйін мекендеп, тек қана адам қанымен қоректенеді.
Соңғы жылдары Алматы қаласы тұрғындарынан түскен төсек клоптарына қатысты шағымдар саны күрт артты.
Төсек немесе үй қандалалары – жиі кездесетін көршілер, және олардың пайда болуынан ешкім де сақтандырылмаған. Бұл жәндік ескі үйлердегі тұсқағаздардың астында және түрлі саңылауларда өмір сүреді. Бірнеше онжылдық бұрын оларды тек санитарлық жағдайы нашар орындарда ғана кездестіруге болатын еді. Қолайлы ортаға түскеннен кейін қандалалар өте тез көбейе бастайды. Бұл мәселе күн сайын ушығып келеді, бұл жәндіктерді қазір ең қарапайым пәтерлердің өзінен де кездестіруге болады. Сондықтан Алматыда және еліміздің басқа да өңірлерінде төсек клоптарының пайда болуы таңқаларлық жағдай емес.
Бұл жәндіктер плинтустардың артына тығылғанды, дивандардың, матрастардың, тұсқағаздардың қатпарларында жасырынғанды ұнатады. Қабырғалармен оңай қозғалады, қараңғы, дыбыссыз жерлерді жақсы көреді. Инфрақызыл диапазонда көретіндіктен, ультракүлгін сәулені мүлде ұнатпайды.
Қандалаларды жою
Соңғы уақытта клоптарды тиімді жою өзекті әрі еңбекті қажет ететін мәселеге айналып келеді, ал «клоптармен қалай күресуге болады?» деген сұрақтар саны арта түсуде.
Төсек қандалалардың өз бетінше жоюға тырысқан кездегі олқылықтар мен қателіктер олардың біртіндеп қалпына келуіне және популяциясының әрі қарай өсуіне әкелуі мүмкін.
Тұрмысымыздың әртүрлі жағдайларына бейімделе отырып, жәндіктер қандалаларды өз бетінше улау үшін қолданылған химиялық препараттарға үйреніп кетеді.
Біздің жылы пәтерлеріміз – бұл жағымсыз тіршілік иелері үшін ең жақсы орын. Сондықтан, егер сіз осындай мәселеге тап болсаңыз, шыдамдылық танытуыңыз керек, өйткені бөлмені қандалалардан өңдеу көп күш пен белгілі бір білімді талап етеді. Үй қандалаларынан құтылатын нақты нұсқаулар мен әмбебап құрал жоқ. Өзіңізге және жақындарыңызға зиян келтірмеу үшін клоптарды пәтерден қалай шығару керектігін таныс-туыстарыңыздан біле аласыз, сайттардан қандалаларға қарсы химиялық препараттар туралы түрлі пікірлерді оқуға болады, бірақ нақты жауапты дөп басып таба алмайсыз. Әркім өзіне ең көп көмектескен тиімді құралын ұсынатын болады. Бұл ретте бөлменің қандалалармен қаншалықты ластанғанын және оны қаншалықты мұқият өңдеу қажет екенін түсіну маңызды. Сіздің жағдайыңызда қандай құралдар мен күрес тәсілдері ең жақсы болатыны осыған байланысты.
Орындаған: Әуезов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Уйкекбаева А.А